Для слабовидящих
KZ
KZ

Тірлік жасайтын қосымша!

Негізі мәселелерді ForteBusiness арқылы әлемнің кез келген түкпірінен шешіңіз. Тәулік бойы және кезекке тұрусыз.

Жұмысты бастау оңай

● SMS немесе ЭЦҚ арқылы тіркеліңіз ● Қосымшаның өзінде ЖК шотын ашыңыз ● Өзіңізге және қызметкерлеріңізге пластик және виртуалды карталарға тапсырыс беріңіз

Жұмысты бастау оңай

● SMS немесе ЭЦҚ арқылы тіркеліңіз ● Қосымшаның өзінде ЖК шотын ашыңыз ● Өзіңізге және қызметкерлеріңізге пластик және виртуалды карталарға тапсырыс беріңіз

Ақшаны басқару оңай

● Карта нөмірлері (P2P) бойынша, Forte картасына телефон нөмірі арқылы, статусын қадағалауға арналған трекинг-нөмірімен шетел валютасына, өз шоттарыңыздың арасында әртүрлі валюталармен ақша аударыңыз ● Бюджетке әлеуметтік, зейнетақы, салық және МӘМС төлемдерін жіберіңіз ● Валютаны жеке бағам бойынша комиссиясыз айырбастаңыз ● Барлық операцияларды пуш-хабарламалар және СМС арқылы қадағалаңыз.

Ақшаны басқару оңай

● Карта нөмірлері (P2P) бойынша, Forte картасына телефон нөмірі арқылы, статусын қадағалауға арналған трекинг-нөмірімен шетел валютасына, өз шоттарыңыздың арасында әртүрлі валюталармен ақша аударыңыз ● Бюджетке әлеуметтік, зейнетақы, салық және МӘМС төлемдерін жіберіңіз ● Валютаны жеке бағам бойынша комиссиясыз айырбастаңыз ● Барлық операцияларды пуш-хабарламалар және СМС арқылы қадағалаңыз.

Менеджермен тілдесу оңай

● Менеджеріңізге чатқа жазып, ыңғайлы уақытта тілдесіңіз ● Чат арқылы құжаттарды, скриншоттарды және басқа файлдарды жіберіңіз ● Жазбалар тарихын кез келген уақытта, кез келген құрылғыдан қараңыз

Менеджермен тілдесу оңай

● Менеджеріңізге чатқа жазып, ыңғайлы уақытта тілдесіңіз ● Чат арқылы құжаттарды, скриншоттарды және басқа файлдарды жіберіңіз ● Жазбалар тарихын кез келген уақытта, кез келген құрылғыдан қараңыз

ForteBusiness-ке Электронды-цифрлы қолтаңба арқылы қалай кіреді?

ForteBusiness-ке SMS арқылы қалай кіреді?

ForteBusiness қосымшасында теңгедегі төлемдерді қалай жүзеге асырады?

ForteBusiness қосымшасында валюталық аударымдары қалай жүзеге асырады?

ForteBusiness қосымшасында валютаны Forte-тің ең үздік бағамы бойынша қалай айрбастауға болады

Кеңес алу

Егер сіздің сұрақтарыңыз болса және біздің мамандардың кеңесін алғыңыз келсе, телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз.

ForteBusiness қолда барда

бизнеспен айналысу оп-оңай

«ForteBank» АҚ (бұдан әрі мәтін бойынша — Банк) Сізге заңды тұлғаларға арналған «Fortebusiness» мобильді интернет-банкингіне (бұдан әрі мәтін бойынша – Жүйе) қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіреді.

Клиенттің (бұдан әрі мәтін бойынша — Қолданушы) дербес деректерін қорғау Банк үшін маңызды болып табылады, сондықтан біз Жүйені пайдалану барысында жинақталып, өңделетін деректердің қорғалуына айрықша мән береміз.

Жүйе Қолданушыға өзара жасасқан банктік қызмет көрсету шартының(-тарының) аясында Банкпен қарым-қатынасты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жүйені пайдалануға қолжетімділік алу Қолданушының осы Саясаттың талаптарымен, сонымен қатар оның дербес деректерін жинау мен өңдеуге келісімін беруге сөзсіз келісетіндігін білдіреді.

Банк Жүйе Қолданушыдан алынған жеке мәліметтер мен басқа да ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы Саясат Жүйе Қолданушыларынан сұратылатын деректердің тізімін, сонымен қатар осындай деректерді/ақпаратты Банктің және басқа да тұлғалардың өңдеу тәсілдерін көрсету мақсатында жасалған. Осы Саясатта сондай-ақ Қолданушының дербес деректері мен басқа да мәліметтері сұратылуы немесе жария етілуі мүмкін болатын мақсаттар көрсетілген.

Қолданушымен жекелей жасалатын келісімдер арқылы Қолданушының дербес деректері мен басқа да мәліметі сұратылатын немесе жария етілетін басқа да мақсаттар қарастырылуы мүмкін. Осы Саясатта сондай- ақ Қолданушы өздерінің дербес деректерінің және басқа да мәліметтерінің құпия болып қалуы үшін қабылдауға тиіс негізгі сақтық шаралары көрсетілген.

  1. Жүйені қолдану барысында Банк мыналарды жинауы, сұратуы және(немесе) пайдалануы/алуы мүмкін:
    1.1. Қолданушының орналасқан жері туралы ақпарат, геолокация, орналасқан жерінің нақты координаттары, Қолданушыға жақын Банк бөлімшелерін, банкоматтарды іздестіру үшін Қолданушының орналасқан жерінің шамамен алынған координаттары;
    1.2. фотоқұжаттар жасау, суретті және/немесе фотосуретті жасау және/немесе сақтау, медиа-материалдарды сақтау, Қолданушының мобильді құрылғысында суретті сақтау, Қолданушының фотосуретін Мобильді қосымшада көрсету, төлем үлгісін қосу және қажетті құжаттарды жүктеу үшін Қолданушының мобильді құрылғысының камерасына кіру, Қолданушының мобильді құрылғысының медиатекасына кіру (фотогалерея/бейне галерея);
    1.3. Қолданушы жайлы ақпарат: ЖСН/БСН, ұялы телефон нөмірі, сонымен қатар Қолданушының Жүйеге бастапқы және кейінгі сәйкестендірілуі үшін биометрикалық деректер (оның ішінде Face ID, Touch ID);
    1.4. электронды-цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) сертификаттарын жүктеу мақсатында Қолданушының мобильді құрылғысының файлдар мен деректерді сақтау орнына қолжетімділік;
    1.5. шығыс операцияларды растау үшін өңделген ОТР-кодты алу мақсатында Қолданушының мобильді құрылғысында орнатылған басқа да қосымшаларға қолжетімділік; 1.6. Қолданушының мобильді құрылғысының жай-күйін, соның ішінде Қолданушының мобильді құрылғысының телефон нөмірін, Қолданушының мобильді құрылғысының ұялы байланыс желісі туралы ағымдағы ақпаратты, барлық ағымдағы қоңыраулардың күйін және мобильді қосымшада авторизация кезінде ұялы телефон нөмірін автоматты түрде толтыру үшін мобильді қосымшаны пайдалану қауіпсіздігін арттыру үшін Қолданушының мобильді құрылғысында тіркелген барлық тіркелу жазбаларының тізімін оқу үшін ғана қолжетімділік;
    1.7. мобильді құрылғы жайлы ақпарат. Банк мобильді құрылғының моделі, операциялық жүйесінің нұсқасы, құрылғының бірегей сәйкестендіргіші сияқты Қолданушының мобильді құрылғы жайлы ақпаратты жинайды;
    1.8. сәйкестендіру үшін, сондай – ақ Қолданушының операцияларын растау үшін SMS-хабарлама түрінде Банк жіберген растау кодын автоматты түрде толтыру мақсатында Қолданушының мобильді құрылғысындағы SMS хабарламаларға қолжетімділік; 1.9. жүргізілетін операциялар жайлы ақпарат. Тауарлар мен қызметтерге, ақша аударымдарына және басқаларына ақы төлеу операцияларын жүргізу кезінде Банк жасалған операциялардың орны, уақыты және сомасы туралы деректерді, ақы төлеу тәсілінің түрін, қызметтерді сатушы және (немесе) ұсынушы туралы деректерді, егер бар болса, операцияны жасау себебінің сипаттамасын, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген операцияларды жасауға байланысты өзге де ақпаратты жинайды. Қолданушының мәліметтерін пайдалану барысында Банк осы Саясатты, оларды өңдеу кезінде Банк клиенттерінің дербес деректерін қорғау туралы Ережені, сондай-ақ «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
  2. Жүйе Қолданушының Банктің қызметтерін ұсыну және көрсету (Қолданушымен жасалған шартты орындау) үшін қажетті дербес деректері мен басқа да мәліметті жинайды және сақтайды.
  3. Қолданушының дербес деректеріне және басқа да мәліметіне қатысты оның құпиялылығы сақталады, тек Қолданушының өзі жайлы осындай деректерді/ақпаратты шектеусіз тұлғалар тобына ортақ қолдану үшін өз еркімен беру жағдайларын қоспағанда.
  4. Банк Қолданушының дербес деректері мен басқа да ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзінің үлестес тұлғаларына, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банкпен байланысы бар серіктестерге және өзге компанияларға беруге құқылы.
  5. Банк Қолданушының банктік құпия болып табылатын дербес деректері мен басқа да ақпаратына үшінші тұлғалардың рұқсатсыз қол жеткізуін болдырмау үшін қажетті шараларды іске асыруға міндеттенеді. Мұндай сипаттағы кез келген ақпарат үшінші тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында, оның ішінде Қолданушы Банкке ұсынған келісімдерге сәйкес белгіленген тәртіппен ғана берілуі мүмкін.
  6. Құпиясөздерді, SMS-кодтарды пайдалану барысында Банктің қандай да бір құпия ақпаратты беруін немесе сақтауын көздеген жағдайларда, Банк үшінші тұлғалардың осындай ақпаратқа оны Қолданушыға бергенге дейін, сондай-ақ көрсетілген ақпаратты сақтау уақытында қолжетімділігін болдырмау үшін ұйымдастырушылық және техникалық сипаттағы барлық қажетті және Банкке қатысты болатын шараларды қабылдауға міндеттенеді.
  7. Қолданушы тіркелу жазбасының логині мен құпиясөзі секілді деректерін үшінші тұлғалардан құпия ұстауы тиіс. Қолданушы оның тіркелу жазбасын рұқсатсыз пайдаланылғандығына күдіктенген кез келген жағдайлар жайлы Банкке дереу хабарлауға міндеттенеді. Жүйені қауіпсіз пайдалану Қолданушының Банктің ұсыныстарын сақтауына да байланысты болады.
ForteBank-ті таңдағаныңызға рахмет!Iзге жазсаңыз болды, көмектесуге қуаныштымыз.



Барлық құқықтар сақталған © Forte 2024